Негізгі мазмұнға өту
NDUҰлттық қорғаныс университеті. Қазақстан Республикасы
NDU / NEWS

Қазақстан республикасының ұлттық қорғаныс университетінде қару-жарақ және оқ-дәрімен қамтамасыз ету мәселелері бойынша ведомствоаралық ғылыми-практикалық конференция өтті

Жарияланған күні:

Қазақстан республикасының ұлттық қорғаныс университетінде қару-жарақ және оқ-дәрімен қамтамасыз ету мәселелері бойынша ведомствоаралық ғылыми-практикалық конференция өтті

2025 жылғы 29 мамырда Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университеті базасында «Бейбіт және соғыс уақытында Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарды зымырандармен және оқ-дәрілермен қамтамасыз ету жүйесінің қазіргі жағдайы және жетілдірілуі» тақырыбында ведомствоаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияны әскери ғылыми-зерттеу орталығының қару-жарақ және әскери техника ғылыми-зерттеу институты ұйымдастырды.

Конференция жұмысына Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, әскери басқару органдарының, ҚР ІІМ Ұлттық ұланның, ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің, ғылыми-зерттеу мекемелерінің, қорғаныс-өнеркәсіптік кешен (ҚӨК) кәсіпорындарының өкілдері, сондай-ақ тылдық және техникалық қамтамасыз ету саласындағы жетекші сарапшылар мен мамандар қатысты.

Конференция қатысушыларына арнаған құттықтау сөзінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-майор Сыдыков Бахытбек Сапарбекұлы Қарулы Күштерді оқ-дәрімен қамтамасыз ету саласында заманауи сын-қатерлерге уақтылы әрекет етудің, қазіргі жабдықтау жүйесінің жай-күйіне кешенді талдау жүргізудің, сондай-ақ логистикалық циклдің барлық кезеңдерінде – өндірістен бастап кәдеге жаратуға дейін – инновациялық және технологиялық шешімдерді енгізудің маңыздылығын атап өтті.

Конференция барысында келесі өзекті мәселелер қаралды:

Қазақстан Республикасының қорғаныс-өнеркәсіптік кешені өкілдері армияның қазіргі заманғы зақымдау құралдарына деген сұранысын қанағаттандыруға бағытталған жаңа әзірлемелер мен өндірістік қуаттарды жаңғырту жобаларын ұсынды.

Конференция қорытындысы бойынша нормативтік-құқықтық базаны жетілдіруге, ұлттық ҚӨК-тің технологиялық әлеуетін дамытуға, сондай-ақ қазіргі заманғы қауіп-қатерлер жағдайында ракета және оқ-дәрімен қамтамасыз ету жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстар мен резолюция қабылданды.

NDUҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

Күй тексерілуде…

Қазақстан республикасының ұлттық қорғаныс университетінде қару-жарақ және оқ-дәрімен қамтамасыз ету мәселелері бойынша ведомствоаралық ғылыми-практикалық конференция өтті · NDU