Негізгі мазмұнға өту
NDUҰлттық қорғаныс университеті. Қазақстан Республикасы
NDU / NEWS

Университетте командалық-штабтық әскери ойындары басталды

Жарияланған күні:

Университетте командалық-штабтық әскери ойындары басталды

2024-2025 жылдарына арналған академиялық күнтізбеге және оқу жоспарына сәйкес, 2025 жылдың 17 наурыздан бастап «ҚК Бас штаб Академиясы» факультетінде профессор-оқытушылар құрамының тікелей қатысуымен университеттің бітіру курсының магистранттарымен әскери-стратегиялық ойындары бастау алды

Аталған іс-шара әртүрлі дағдарыстық жағдайларда мемлекеттік органдар мен әскери басқару органдарының өзара іс-қимыл мәселелері бойынша магистранттардың теориялық білім деңгейін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Магистранттар мемлекеттік және әскери басқару органдарының лауазымды тұлғалары – басшылары рөлінде әлемдегі, өңірдегі әскери-саяси жағдайды және оны тұрақтандыру жөніндегі шараларды министрліктер мен ведомстволар қызметінің бағыттары бойынша бағалайды. Мұндай стратегиялық әскери ойындары жыл сайын өткізіледі.

NDUҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

Күй тексерілуде…

Университетте командалық-штабтық әскери ойындары басталды · NDU