Негізгі мазмұнға өту
NDUҰлттық қорғаныс университеті. Қазақстан Республикасы
NDU / NEWS

Қазақстан Республикасындағы Үндістан Республикасының Әскери атташесінің сапары

Жарияланған күні:

Қазақстан Республикасындағы Үндістан Республикасының Әскери атташесінің сапары

 

2024 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасындағы Үндістанның әскери атташесі полковник Панкадж Кумар Видьяртхи Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетіне сапары өтті.

Сапар барысында әскери атташе университеттің қызметімен және оқу-материалдық базасымен танысты. Қонақтар кітапханаға, тілдер кафедрасына және «Үндістан Қарулы Күштерінің әскери өнері аудиториясына» барды.

Сонымен қатар, полковник Видьяртхи ҰҚУ-да ағылшын тілін оқытатын Үндістан армиясының офицерлері үшін оқыту және тұру жағдайларымен танысты.

Қазақстан Республикасындағы Үндістанның Елшілігі Үндістан Қарулы Күштерінің аудиториясын жаңғырту және университет кітапханасын қауіпсіздік саласындағы белгілі үнді авторларының ағылшын тіліндегі басылымдарымен толықтыруды жоспарлап отыр.

NDUҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

Күй тексерілуде…

Қазақстан Республикасындағы Үндістан Республикасының Әскери атташесінің сапары · NDU