Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінде 2024 жылдың
2-5 желтоқсан аралығында «Жоғары жауынгерлік дайындыққа өту кезінде университеттің жеке құрамының қимылдары» жауынгерлік дайындық бойынша кешенді тактикалық-саптық сабақтары өткізілді.
Сабақтың мақсаты:
- Университеттің ескерту жүйесінің тиімділігін тексеру;
- Жоғары жауынгерлік дайындыққа өту кезінде университеттің жеке құрамы жұмысының үйлесімділігін арттыру;
- Жоғары жауынгерлік дайындыққа өту кезіндегі қимылдарында университеттің жеке құрамының практикалық дағдыларын жетілдіру;
- Университеттің ӘБЖО басқа әскерлері мен әскери құралымдардың компненттерімен өзара әрекеттесу деңгейін жоғарлату болып табылады.
Университеттің жеке құрамымен «БІРТҰТАС ЕЛ – БІРТҰТАС ЖЕР. Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін және жоғары жауынгерлік дайындықты ұстануды қамтамасыз етудің идеологиялық негізі» атта тақырыбында мемлекеттік-құқықтық дайындық бойынша сабақтар ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, күзет және қамтамасыз ету ротасының жеке құрамымен қару-жарақты табыстау іс-шарасы, жеке құрамға қару және қару-жарақ пен әскери техниканы бекіту туралы бұйрық жеткізілді.
Жалпы сабақтар жоғары әдістемелік деңгейде өткізілді. Қойылған мақсаттарға қол жеткізілді. Сабақтарды өткізу барысында қауіпсіздік шараларын бұзу жағдайлары болған жоқ.

