Негізгі мазмұнға өту
NDUҰлттық қорғаныс университеті. Қазақстан Республикасы
NDU / NEWS

ҚР Ұлттық қорғаныс университетінде әскери ант қабылдау рәсімі өтті

Жарияланған күні:

ҚР Ұлттық қорғаныс университетінде әскери ант қабылдау рәсімі өтті

2025 жылғы 20 желтоқсанда ҚР Ұлттық қорғаныс университетінде әскери-ғылыми взводтың он үшінші шақырылымын толықтырған жас сарбаздардың салтанатты ант қабылдау рәсімі өткізілді.

Әскери ант қабылдау — жас сарбаздардың әскери қызмет жолындағы жауапты кезең. Ол олардың бойында патриоттық рух пен жауапкершілікті қалыптастырады.

Әскери антты қабылдаған әскери қызметшілер:

Салтанатты рәсім барысында университет бастығы генерал-майор А. Мустабеков әскери ант Отанға, халқына және Конституцияға адалдықтың айқын көрінісі екенін атап өтті. Ол жас әскери қызметшілерге әскери тәртіпті қатаң сақтауды, кәсіби білім мен дағдаларын жетілдіруді, ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында адал қызмет етуді тіледі.

Іс-шараға университет басшылығы, профессорлық-оқытушылық құрамы, әскери қызметшілер мен жас сарбаздардың туған-туыстары қатысты.

Салтанатты рәсім әскери дәстүрлерге сай жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

NDUҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

Күй тексерілуде…

ҚР Ұлттық қорғаныс университетінде әскери ант қабылдау рәсімі өтті · NDU