Негізгі мазмұнға өту
NDUҰлттық қорғаныс университеті. Қазақстан Республикасы
NDU / NEWS

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің Әуе қорғаныс күштері факультетінде «Әуе қорғаныс күштерінің жағдайы мен алдағы дамуы» тақырыбында ғылыми-теориялық конференция өткізілді

Жарияланған күні:

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің Әуе қорғаныс күштері факультетінде «Әуе қорғаныс күштерінің жағдайы мен алдағы дамуы» тақырыбында ғылыми-теориялық конференция өткізілді

2025 жылы 22 сәуірде Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің 2024-2025 оқу жылының  Ғылыми жұмыстар жоспарына сәйкес, Әуе қорғаныс күштері факультеті «Әуе қорғаныс күштерінің жағдайы мен алдағы дамуы» тақырыбы бойынша ғылыми-теориялық конференциясын ұйымдастырып өткізді.

Конференция ҚР ҰҚУ бастығы – PhD, генерал-майор А. Мустабековтың  төрағалығымен өтті. Оған Әуе қорғаныс күштері факультетінің профессорлық-оқытушы құрамы мен магистранттар және шақырылған лауазымды адамдар қатысты. Оның ішінде:

Байланыс және электроника әскери-инженерлік институтінің бастығы – генерал-майор Н. Кабаков, ҚР ҚК Әуе қорғаныс күштері басқолбасшы басқармасының бас штабы бас басқарма бастығының орынбасары – қолдануды және жедел даярлықты жоспарлау басқармасының бастығы – полковник М. Каримов, ӘҚК Әскери-әуе күштері қолбасшысы басқармасының жауынгерлік даярлық басқармасы ұшқышсыз авиациялық жүйелер бөлімінің аға инспектор-ұшқышы – полковник Н. Амантай, ӘҚК Әскери-әуе күштері қолбасшысының басқармасы инженерлік-авиациялық басқармасының аға инженер-инспекторы (ңұсқаушы) – подполковник В. Бекряшев, ҚР ҚК Құрлық әскерлер басқолбасшысының басқармасы ӘШҚҚ Бас басқармасының бағыт аға офицері – подполковник А. Бейсембаев және бейнеконференция байланыс режімінде ҚР ҚК ӘҚК ӘШҚҚӘ қолбасшысы  – генерал-майор Қ. Даутов және осы басқармасының офицерлері.

Конференцияның мақсаты: Қазіргі жағдайдағы ӘҚК дамуындағы мәселелерге бірыңғай көзқарастар өңдіру. Проблемалар мен шешу жолдары.

Конференцияда бір қатар баяндамалар тындалды және талқыланды. Конференцияның қорытындысы бойынша материалдары жинағы ретінде басылымға жарияланады.

NDUҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

Күй тексерілуде…

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің Әуе қорғаныс күштері факультетінде «Әуе қорғаныс күштерінің жағдайы мен алдағы дамуы» тақырыбында ғылыми-теориялық конференция өткізілді · NDU