00Факультеттер
Мемлекеттік күзет қызметінің факультеті
Мемлекеттік күзет қызметі үшін ведомствоаралық негізде кадрлар даярлайтын, 2017 жылы құрылған факультет.
Факультет бастығы — полковник Мұхамедиев Арман Лұқпанұлы.
Факультет 2017 жылы құқық қорғау және қауіпсіздік құрылымдарының барлық кадрларын жоғары оқу орнынан кейінгі деңгейде даярлайтын ведомствоаралық білім беру мекемесін құру жөніндегі тапсырмаларды орындау үшін құрылды. Мақсаты — алған білімін мемлекеттік қауіпсіздік міндеттерін шешуге қолдана алатын жоғары білікті кадрларды даярлау. Факультет Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері мен әскери қызметшілерін даярлайды.
Мамандықтар
- мемлекеттік күзет саласындағы менеджмент;
- мемлекеттік күзет саласындағы жедел-техникалық қызмет.
Кафедралар
- Қорғалатын тұлғалар мен объектілердің қауіпсіздігі;
- Жедел-техникалық пәндер.
