Кафедра туралы
«ҚК Бас штабының академиясы» факультетінің жедел өнер кафедрасы «Әскери істегі стратегиялық менеджмент» магистратурасы және «Әскери өнер» докторантурасы мамандықтары бойынша стратегиялық және жедел-стратегиялық басқару буындарының әскери кадрларын даярлауға арналған.
Кафедра қызметі:
- Кафедраның оқу пәндері бойынша оқу және әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және өткізу;
- Әскери өнер саласындағы әскери теорияны дамытуға, әскерлердің жауынгерлік қабілеттілігі мен жауынгерлік дайындығын арттыруға бағытталған ғылыми зерттеулерді орындау;
- Оқу қызметін қамтамасыз ету үшін оқу басылымдарын (оқулықтарды, оқу (оқу-әдістемелік) құралдарын, пәндердің оқу-әдістемелік кешендерін), оқу-әдістемелік және ғылыми материалдарды дайындау және шығару;
- Ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру;
- Университеттің оқу-әдістемелік басқармасымен және кафедраларымен бірлесіп оқу бағдарламаларын, жұмыс оқу жоспарларын, мамандарды даярлаудың құрылымдық-логикалық схемаларын және оқу сабақтарының кестелерін әзірлеуге қатысу.
Оқу пәндері:
– Жедел өнер;
– Бірыңғай кешенді жедел міндет;
– Шетелдік әскерлердің әскери өнері;
– Соғыс және әскери өнер тарихы;
– ӘК құрылысының тарихы;
– Қазақстанның әскери тарихы;
– 20-21 ғасырлардағы жергілікті соғыстардың тарихы;
– Теориялық деректану.
