Кафедра туралы
Жалпыәскери штабтар қызметінің әскерлерді басқару кафедрасы «Әскери істегі Менеджмент», «Әскери істегі Логистика» және «әскери ұжымдағы әлеуметтік және идеологиялық жұмыс»мамандықтары бойынша мамандар даярлау үшін университеттің негізгі оқу-ғылыми бөлімшелерінің бірі болып табылады.
Магистратураның төменде аталған мамандықтары бойынша әскерлерді басқару және жалпыәскери штабтар қызметі кафедрасы әскери кадрларды даярлауға қатысады:
– «7М 12101 – Әскери істегі менеджмент», «7М 12102 – Ұлттық ұланның әскери істегі менеджменті», «7М 12103 – Әскери істегі логистика», «7М 12104 – Әскери ұжымдағы әлеуметтік және идеологиялық жұмыс», «7М 12109 – Әскери істегі киберқауіпсіздік және ақпарат қауіпсіздігі жүйелері» и «7М 12111 – Әскери істегі радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау және экология».
Кафедра қызметі:
- Қарулы Күштеріне кәсіби білікті және жоғары білімдері мен дағдыларымен жоғары мамандырылған мамандарды дайындау мақсатымен, жоғары теориялық, әдістемелік және ғылыми деңгейде оқу және әдістемелік жұмыстың өткізуін ұйымдастырады.
- Әскерлерді басқару саласында әскери теорияның дамуына бағытталған ғылыми зерттеулерді орындау, әскерлерді жоғарылату;
- Оқу процесін қамтамасыз ету үшін оқу басылымдарды (оқулықтарды, оқу-әдістемелік) құралдарды, пәндердің оқу-әдістемелік кешендерді), оқу-әдістемелік және ғылыми мәліметтерді дайындап және басып шығару.
- Оқу-әдістемелік басқармасымен, университе кафедраларымен бірлесе отырып оқу бағдарламаларды, жұмыс оқу жоспарларын, мамандарды даярлауға құрылымдық-қисындық сызбаларды және оқу сабақтардың кестелерін әзірлеуге қатысу.
Кафедраның негізгі міндеттері:
1. Қазақстан Республикасының және ҰҚШҰ елдерінің Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары үшін офицер кадрларын даярлау мақсатында оқу жұмысын жоғары әдістемелік және ғылыми деңгейде ұйымдастыру және өткізу;
2. Білім алушылардың жеке басын жан-жақты және үйлесімді дамытуға қатысу, олардың әскери-кәсіби қасиеттерін қалыптастыру;
3. Әскери теорияны дамытуға, әскерлердің жауынгерлік қабілеттілігі мен жауынгерлік әзірлігін арттыруға бағытталған кафедра бейіні бойынша ғылыми зерттеулерді орындау;
4. ПОҚ біліктілігін арттыру;
5. Оқу және материалдық-техникалық базаны дамыту және жетілдіру;
6. Кафедраның оқу қызметін қамтамасыз ету үшін оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми материалдарды дайындау және басып шығару.
Оқу пәндері:
— әскерлерді басқару жәнежалпыәскери штабтар қызметі;
— топогеодезиялық қамтамасыз ету;
— жауынгерлік ісқымылдарды модельдеу негіздері;
— геоақпараттық жүйелер.
