Негізгі мазмұнға өту
NDUҰлттық қорғаныс университеті. Қазақстан Республикасы
NDU / Кафедра

Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері кафедрасы

01 / NDU

Кафедра туралы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 12 маусымдағы «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде ұйымдастыру-штаттық іс-шаралар өткізу туралы»
№ 1/14/1/12 бұйрығына сәйкес Әуе қорғанысы күштері және ақпараттық жүйелер қауіпсіздігі факультетінде Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері кафедрасы құрылды.

Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері кафедрасы «7М12101-Әскери істегі менеджмент» мамандығы бойынша «Құрлық әскерлерінің Әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімдерін жедел-тактикалық басқару, «Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің жедел-тактикалық бөлімдерін басқару» және «Жауынгерлік басқару» біліктіліктері бойынша жедел-тактикалық (тактикалық) басқару буынының магистранттарын даярлауды жүзеге асырады.

Кафедраның негізгі міндеттері:

  1. Қазіргі заманғы жалпы әскери ұрыс пен операцияда Қарулы Күштерінің Әуе қорғанысы күштері мен Құрлық әскерлері ӘШҚҚ әскерлері бөлімдерін басқару саласында, сондай-ақ жедел басқару мамандары білімінің, іскерліктері, дағдылары мен кәсіби қасиеттері бар жоғары теориялық, әдістемелік және ғылыми деңгейде оқу және әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүргізу үшін офицерлер кадрларын дайындау.
  2. Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің жауынгерлік қолдану саласында әскери теорияны дамытуға, олардың жауынгерлік қабілеті мен жауынгерлік әзірлігін арттыруға бағытталған ғылыми зерттеулерді орындау.
  3. Оқу басылымдарын (оқулықтар, оқу (оқу-әдістемелік) құралдарын, пәндердің оқу-әдістемелік кешендерін), оқу-әдістемелік және ғылыми материалдарды дайындау және шығару.

NDUҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

Күй тексерілуде…

Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері кафедрасы · Ұлттық қорғаныс университеті