NATIONAL DEFENSE UNIVERSITYОперативтік-тактикалық басқару деңгейі бойынша бейіндік магистратураға түсушілерге қандай талаптар қойылады?
Жоғары білімі болуы және батальон командирінің орынбасары не оған теңестірілген және одан жоғары лауазымдарда кемінде 2 жыл қызмет өтуі қажет.
Бригада командирінің орынбасары лауазымынан стратегиялық және жедел-стратегиялық басқару деңгейлері бойынша бейіндік магистратураға түсуге бола ма?
Жоқ. Түсушілерде жоғары оқу орнынан кейінгі білім болуы және бригада (база) командирі, құрама командирі, өңірлік қолбасшылықтың (әскер түрінің) қолбасшысының орынбасары, ҚР ҚМ департаментінің немесе ҚР ҚК Бас штабы бөлімінің бастығы, әскер түрі басқармасының немесе Қарулы Күштер бас басқармасының бастығы, оларға теңестірілген және одан жоғары лауазымдарда кемінде 2 жыл қызмет өтуі қажет.
Докторантураға түсушілерге қандай да бір талаптар бар ма?
Докторантураға жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, кемінде 3 ғылыми жарияланымы немесе 2 оқу құралы бар түсушілер қабылданады.
Әскери қызметшілерге университетке түсу үшін оқу демалысы беріле ме?
Иә. Түсу емтихандарына дайындалу және тапсыру үшін түсушілерге қабылдау жылының 20 шілдесінен кешіктірмей оқу демалысы беріледі.
Түсушілер университетке қашан келеді?
Түсушілердің университетке келуі — қабылдау жылының 31 шілдесінен кешіктірмей.
Университетке түсу кезінде қосымша сабақтар, консультациялар өткізіле ме?
Иә. Қабылдау жылының 25–31 шілдесі аралығында түсу емтихандары бойынша консультациялар ұйымдастырылады, сондай-ақ абитуриенттердің университет аудиторияларында өзіндік жұмысы ұйымдастырылады.
Университетке қабылдау қалай жүзеге асырылады?
Қабылдау кезеңдермен жүзеге асырылады: I кезең — кәсіби-психологиялық тестілеу; II кезең — дене даярлығын тексеру (докторантураны қоспағанда); III кезең — түсу емтихандарын қабылдау; IV кезең — конкурстық іріктеу және қабылдау.
Түсу емтихандары қандай нысанда тапсырылады?
Бірінші түсу емтиханы тестілеу нысанында, екінші түсу емтиханы ауызша-жазбаша нысанда өткізіледі.
Түсушілер университетке қандай қағидат бойынша қабылданады?
Университетке мамандық бойынша рейтингте бірінші нөмірден қабылдау жоспары бойынша мамандыққа бөлінген орындар санына сәйкес келетін нөмірге дейін тұрған түсушілер, ведомстволар бойынша орындардың бөлінуін ескере отырып, қабылданады.
Бөлім навигациясы
Сұрағыңыз бар ма?
Шарттар мен толық ақпаратты университеттің байланыс бөлімі арқылы нақтылаңыз.
