logo

Kazakhstan Security Systems көрмесіне қатысу


Kazakhstan Security Systems көрмесіне қатысу

Kazakhstan Security Systems көрмесінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университеті стенді Astana it University студенттерінің үлкен қызығушылығын тудырды.

IT және цифрлық технологиялар саласындағы болашақ мамандар біздің әзірлемелерімізбен, қауіпсіздік саласындағы заманауи шешімдермен және университет ұсынған инновациялық өнімдермен үлкен назармен танысты. Виртуалды шындық технологиялары, ұшқышсыз жүйелер және оларды білім беру және қорғаныс саласында қолданудың практикалық мүмкіндіктері қонақтардың ерекше қызығушылығын тудырды.Студенттер белсенді сұрақтар қойып, жобалардың техникалық ерекшеліктерін талқылап, өз әсерлерімен бөлісті. Жас мамандардың қызығушылығы мен тартылуы жоғары технологияларды дамыту мен білім беру мекемелері арасындағы ынтымақтастық елдің болашағы үшін жаңа перспективалар ашатынын тағы да растайды.

Сондай ақ Ұлттық қорғаныс университетінің офицерлері жас ұрпақ арасында үгіт және кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді