logo

Ұлттық қорғаныс университетінде бірлік күні тойланды


Ұлттық қорғаныс университетінде бірлік күні тойланды

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінде 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған салтанатты іс-шара жоғары деңгейде аталып өтті. Ел бірлігін, татулық пен келісімді ту еткен мерекелік жиынға университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы, әскери қызметшілер мен тыңдаушылар қатысты.

Салтанатты жиында сөз сөйлеген университет бастығы генерал-майор Бауыржан Абжанов бұл мерекенің маңызына тоқталып, еліміздегі тұрақтылық пен бейбітшіліктің басты тірегі – халықтар арасындағы өзара сыйластық пен ынтымақ екенін атап өтті. «Бірлік – біздің басты байлығымыз. Түрлі этнос пен мәдениеттің тоғысында қалыптасқан татулық – Қазақстанның стратегиялық артықшылығы», – деді ол.

Іс-шара барысында патриоттық әндер шырқалып, түрлі ұлт өкілдерінің мәдениетін паш ететін концерттік бағдарлама ұсынылды. Университет тыңдаушылары ұлттық киімдер киіп, әр халықтың салт-дәстүрін сахналық қойылымдар арқылы көрсетті. Бұл өз кезегінде көпұлтты Қазақстан қоғамының бірлігін айшықтай түсті.

Осылайша, Ұлттық қорғаныс университетінде өткен мазмұнды іс-шара ел бірлігін дәріптеп, жастардың бойында отансүйгіштік рухты нығайтуға бағытталды.