Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университеті Астанада өткен Kazakhstan Security Systems халықаралық қауіпсіздік көрмесіне (kss-expo.kz) қатысты. Көрме барысында университеттің Әскери-ғылыми зерттеу орталығының Ақпараттық технологиялар басқармасы инновациялық шешімдер мен ғылыми-техникалық әзірлемелерін таныстырды.
Көрмеге қатысқан көптеген отандық және шетелдік компаниялар университет ұсынған әзірлемелер мен технологияларға жоғары баға берді. Ұйым өкілдері ынтымақтастық перспективаларын белсенді түрде талқылап, тәжірибе алмасты және қауіпсіздік пен қорғаныс технологиялары саласындағы отандық инновациялық шешімдердің жоғары деңгейін атап өтті.
Келушілердің ерекше назарын VR-технологиялар, ұшқышсыз кешендер және олардың білім беру даярлығы мен қорғаныс саласындағы практикалық қолданысы аударды. Көрме қонақтары цифрландыруды дамытуға және мамандар даярлау тиімділігін арттыруға бағытталған заманауи технологиялық шешімдермен танысты.
Көрме барысында Ұлттық қорғаныс университетінің офицерлері жастар арасында кәсіби бағдар беру және үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Келушілерге білім алу мүмкіндіктері, әскери қызметтің болашағы, ғылыми қызмет және қорғаныс пен жоғары технологиялар саласында даму жолдары туралы ақпарат берілді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университеті-нің Kazakhstan Security Systems көрмесіне қатысуы университеттің ғылыми және технологиялық әлеуетін таныстыруға, кәсіби байланыстарды нығайтуға, сондай-ақ жастар мен сала өкілдері арасында заманауи қорғаныс және IT-технологияларды насихаттауға арналған маңызды алаңға айналды.