Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабының бастығы бекіткен кестеге сәйкес, 7-17 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінде бригада командирлерінің орынбасарларымен біліктілікті арттыру курстары және артиллериялық бригадалар, жалпыәскери бригадалардың артиллерия бөлімдері штабтары офицерлерінің курстары өткізілді. Оқу барысында офицерлер қазіргі заманғы қарулы жанжалдарды талдаудан әскерлердің іс-қимылдарына сәйкес бөлімдер мен бөлімшелерді қолдану бойынша білім алды, Оқушылардың оқуының соңғы кезеңінде емтихандар өткізіліп, сертификаттар табыс етілді.