logo

1 курс магистранттарының отбасы мүшелерімен кездесу кеші


1 курс магистранттарының отбасы мүшелерімен кездесу кеші

2025 жылдың 11 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы генерал-майор А.Мустабеков 1-курс магистранттарының отбасы мүшелерімен кездесу кешін өткізді.

Іс-шараның мақсаты – әскери қызметшілердің отбасы мүшелеріне қолдау көрсету, университтетегі оқу үдерісімен, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлармен таныстыру және әскери ортадағы отбасының рөлі туралы пікір алмасу болды.

Кездесу барысында әскери қызметтің ерекшеліктері, әскери әдеп пен дәстүрлер, сондай-ақ магистранттардың оқу барысындағы міндеттері мен болашақтағы қызмет жолдары талқыланды. Университет бастығы отбасылық құндылықтардың маңызыдылығын атап өтіп, жұбайларының табысты қызмет етуінде олардың жанұясының орны ерекше екенін айтты.

Жиналған жұбайлар өздерінің ой-пікірлерін ортаға салып, университет басшылығына сұрақтар қойып, мазалаған мәселелеріне жауап алды. Іс-шара жылы әрі достық көңіл-күйде өтіп, магистранттардың отбасы мүшелері үшін рухани қолдау бола білді.