logo

Өскелең ұрпақпен ерлік сабақтары


Өскелең ұрпақпен ерлік сабақтары

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің бұйрығына сәйкес, еліміздің барлық бекітілген жалпы білім беретін мектептерінде «Біртұтас Ел – Біртұтас Жер» тақырыбында «Ерлік сабақтары» өткізілді.

Жастардың бойында отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру мен дамыту, тарихи сананы жаңғырту және елін, жерін қорғаудың маңыздылығын түсіндіру, Ағымдағы жылдың 1-5 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің профессорлық-оқытушылық құрамы, олар: полковниктер А. Жанузаков, Е.Спатаев, Е.Турсунбаев, А.Сатай, Е.Адильбаев, С.Бектурагов Астана қаласы мектептерінің өскелең ұрпағымен ерлік сабақтарын өткізді.

Бұл ерлік сабақтары жас ұрпақтың елге деген сүйіспеншілігін арттырып қана қоймай, олардың бойында азаматтық жауапкершілікті, бірлік пен татулықтың қадірін түсінугеықпал етеді.