Ағымдағы жылдың 24 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы қорғаныс ведомстволарының әскери ынтымақтастығының жоспарына сәйкес, Ұлттық қорғаныс университетінде Өзбекстан Республикасы Әскери қауіпсіздік және қорғаныс университеті өкілдері полковник Р.М. Халилов пен подполковник Р.Т. Гиляждинов дәріс оқыды.
Өзбек сарапшылары қазақстандық магистранттар мен профессорлық-оқытушылық құрамына «Ауғанстан мәселелері және олардың Орталық Азия қауіпсіздігіне әсері» тақырыбында баяндама жасады.
Дәріс өңірлік қауіпсіздікті сақтау мен нығайтудың өзектілігін, сондай-ақ Орталық Азия елдерінің ұжымдық өзара іс-қимылының маңызды рөлін растап, қазақстандық әскери білім беру мамандарының үлкен қызығушылығын тудырды.