Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінде ағымдағы жылдың 13-17 қазан аралығында оқу процесінің негізгі бағыттары – арнайы, мемлекеттік-құқықтық, атыс, дене шынықтыру және жалпыәскери жарғылар бойынша әскери қызметшілердің білім деңгейі мен практикалық дағдыларына жыл сайынғы қорытынды тексеру жұмыстары жүргізілді.
Тексеру ҚР Қорғаныс минстрлігінің жұмыс жоспарына сәйкес жүргізілді және жеке құрамның теориялық білі мен практикалық дағдылары деңгейінің сапасын бағалауға бағытталды.
Университет басшылығы қорытынды тексеру әскери қызметшілердің жоғары жауынгерлік дайындығын, кәсіби құзыреттілігі мен тәртіптілігін сақтауға бағытталған әскери кадрларды даярлау жүйесінің маңызды элементі болып табылатынын атап өтті.