Ұлттық қорғаныс университеті Құрлық іскерлері факультетінде 1 курс магистранттары және профессорлық оқытушы құрамымен қазақтың қайсар қызы, кеңес одағының батыры Әлия Молдағулованың туғанына 100 жыл толуына орай тағылымды викторина өтті.
Бұл – жай ғана білім сайысы емес, бұл – батыр рухымен сырласу, ерлікпен жүздесу. Әлияның әрбір қадамы – ерліктің, әрбір тынысы – адалдықтың, әрбір ісі – отансүйгіштіктің мәңгілік өнегесі.
Ол қысқа ғұмыр кешсе де, ғасырлық аманат қалдырды. Оның «Отан үшін» деп атой салған үні бүгінгі сардарлардың жүрегінде жаңғырып тұр.
Викторина барысында Құрлық әскерлері факультетінің магистранттары тек сұрақтарға жауап беріп қана қоймай, батырдың рухымен табысып, елдікке деген сенімін күшейтті
Әлия – ұлттың ар-намысы, қазақ қыздарының қайсарлығының символы.
Оның рухы – біз үшін мәңгілік шамшырақ, болашаққа бастар темірқазық!