2025 жылдың 12 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінде Отбасы күніне орай «Анам, әкем, мен – спорттық отбасы» ұранымен спорттық мереке өткізілді.
Іс-шара отбасылық құндылықтарды нығайтуға, бірлікті дамытуға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған. Спорттық эстафеталар мен байқауларға университеттің жеке құрамы мен магистранттарының отбасылары қатысты.
Мереке барысында университет бастығы генерал-майор Асқар Досбосынұлы Мустабеков мықты отбасы мемлекеттің тірегі және аса маңызды құндылық болып табылатынын, ал мұндай іс-шаралар қоғамбағы бірлік пен үйлесімділікке ықпал ететінін атап өтті.
Жарыс достық атмосферасында өтті, қатысушылар ептілік, жылдамдық пен командалық рухты көрсетті.