logo

ҚР Ұлттық қорғаныс университетінде әскери ант қабылдау рәсімі өтті


ҚР Ұлттық қорғаныс университетінде әскери ант қабылдау рәсімі өтті

2025 жылдың 20 желтоқсан күні ҚР Ұлттық қорғаныс университетінде әскери-ғылыми взводының толықтырылған он үшінші шақырылуының салтанатты ант қабылдау рәсімі өткізілді.

Әскери ант қабылдау – жас сарбаздардың әскери қызмет жолындағы жауапты кезеңі болып табылады және олардың бойында патриоттық рух пен жауапкершілікті қалыптастырады.

Салтанатты рәсім барысында университет бастығы генерал-майор
А. Мустабеков әскери ант – Отанға, халқына және Конситуцияға адалдықтың айқын көрінісі екенін атап өтіп, жас әскери қызметшілерге әскери тәртіпті қатаң сақтауды, кәсіби білім мен дағдаларды жетілдіруді, ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында адал қызмет етуді тіледі.

Іс-шараға университет басшылығы, профессорлық-оқытушылық құрамы , әскери қызметшілер мен жас сарбаздардың туған-туыстары қатысты.

Салтанатты рәсім әскери дәстүрлерге сай жоғары деңгейде ұйымдастырылды.