logo

ҚР Ұлттық қорғаныс университетінде Мұғалімдер күні өткізілді


ҚР Ұлттық қорғаныс университетінде Мұғалімдер күні өткізілді

2025 жылдың 3 қазан күні оқу-әдістемелік сағат барысында барлық жеке құрам мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университеті бастығының атынан университет бастығының бірінші орынбасраы – оқу-әдістемелік басқармасының бастығы профессорлық-оқытушылар құрамын кәсіби мереке – Мұғалімдер күнімен құттықтады. 

Өз үндеуінде университет бастығының орынбасары полковник
Т.Ж. Ажибаев оқытушылардың жауапкершілігі мен ісіне деген адалдығын атап, олардың еліміздің Қарулы Күштері үшін жоғары білікті офицерлік кадрлар даярлаудағы басты рөлін атап өтті.

Әскери ғылымды дамытуға қосқан үлесі мен орасан еңбегі, білім алушыларда патриотизм мен борышқа адал болуға тәрбие бергендері үшін алғыс білдірді.

Кеңестің соңында университет бастығының атынан профессорлық-оқытушылар құрамына адал қызметі мен педагогикалық қызметтегі жетістіктері үшін алғыс хаттар мен грамоталар табыс етілді.