logo

ҚР Қорғаныс министрлігі офицерлерінің балалары «Балдаурен» лагеріне орналастырылды


ҚР Қорғаныс министрлігі офицерлерінің балалары «Балдаурен» лагеріне орналастырылды

2025 жылдың 12 тамызында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі мен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің келісім хаты негізінде ҚР  Қорғаныс министрлігі офицерлерінің балалары жазғы демалыс кезеңінде республикалық «Балдаурен» оқу-сауықтыру орталығына жіберілді. Бұл шара балалардың демалысын тиімді өткізуге, денсаулығын нығайтуға және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған.

«Балдаурен» лагерінде балалар үшін спорттық, мәдени-танымдық және шығармашылық іс-шаралар ұйымдастырылып, әртүрлі үйірмелер мен секциялар жұмыс істейді. Лагерьдің табиғаты көркем аймағында таза ауада серуендеу, спортпен шұғылдану және жаңа достар табу мүмкіндігі қарастырылған.

Қорғаныс министрлігі тарапынан әскери қызметшілердің отбасы мүшелерін қолдау және олардың балаларының толыққанды демалысын қамтамасыз ету мақсатында мұндай іс-шаралар жыл сайын өткізіліп келеді.