logo

ҚР Тұңғыш Қорғаныс министрі М.Қ. Алтынбаевтың 80 жылдығы


ҚР Тұңғыш Қорғаныс министрі М.Қ. Алтынбаевтың 80 жылдығы

2025 жылдың 5 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінде көрнекті мемлекет және әскери қайраткері, авиация генералы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Қорғаныс министрі М.Қ. Алтынбаевтың 80 жылдық мерейтойына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Іс-шараға университет басшылығы, профессорлық-оқытушылар құрамы мен әскери ғылым саласының ардагерлері мен сарапшылары қатысты. Конференцияның мақсаты – М.Қ. Алтынбаевтың ел қорғанысын нығайтудағы тарихи рөлін, әскери басқару жүйесін қалыптастыруға қосқан үлесін және әскери ғылымды дамытудағы еңбегін зерделеу болды.

Іс-шара соңында қатысушылар мерейтой иесінің әскери-патриоттық тәрбиені нығайтудағы маңызын ерекше атап өтіп, осындай ғылыми алаңдар болашақта да жалғасын табуы тиіс деген ортақ пікір білдірді.