logo

Қорытынды шығару


Қорытынды шығару

Ағымдағы жылдың 26 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінде өткен оқу жылындағы оқу ғылыми және тәрбие қызметінің қорытындыларын шығару бойынша отырыс өтті. 

Іс-шараға университет басшылығы, құрылымдық бөлімшелердің бастықтары, профессорлық-оқытушылық құрамы және білім алушылар қатысты.

Отырыс барысында оқу-әдістемелік жұмыс, ғылыми-зерттеу жұмысы, тәрбие және идеологиялық жұмыс, сондай-ақ университет қызметінің басқа да бағыттары бойынша қорытындылар шығарылды.

Баяндамашылар атқарылған жұмыстар туралы баяндап, қол жеткізілген нәтижелерді белгілеп, сондай-ақ сеніп тапсырылған бөлімшелердің қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар берді. Оқу процесін материалдық-техникалық қамтамасыз ету, білім беру бағдарламаларының сапасын арттыру, мемлекеттік құпияларды сенімді қорғауды қамтамасыз ету, білім алушылармен тәрбие жұмысын және ғылыми қызметін дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Университет бастығы генерал-майор Асқар Досбосынұлы Мустабеков ұжымның оң жетістіктерін атап өтіп, әскери даярлық сапасын арттырудың маңыздылығына тоқталып, оқу процесін одан әрі жетілдіру, тәртіпті нығайту, ғылыми зерттеулерді дамыту және жоғары адамгершілікті, патриоттық рухты офицерлерді тәрбиелеу жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Отырыстық қорытындысы бойынша университеттің бірқатар әскериқызметшілері мен қызметкерлері адал қызметі мен жоғары кәсібилігі үшін медальдармен, грамоталармен марапатталды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университеті жоғары білікті офицерлерді даярлауға елеулі үлес қосуды жалғастыруда және Қазақстанның әскери білім мен ғылымның жетекші орталығы ретінде өз позициясын нығайтуда.