2025 жылдың 8 желтоқсан күні ҚР ДМ «Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы» шығу бригадасының қатысуымен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінде ерікті қан тапсыру акциясы ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – донорлық мәдениетті дамыту, қоғамда қайырымдылық пен жауапкершілік құндылықтарын насихаттау, сондай-ақ қанға мұқтаж науқастарға көмек көрсету болды.
Шара барысында медициналық мамандар қатысушылардың денсаулығын тексеріп, қан тапсырудың барлық кезеңдерін тиісті санитарлық талаптарға сай орындады.
Университет бастығы генерал-майор А. Мустабековтың айтуынша, осындай акциялар әскери ұжымдарда әлеуметтік жауапкершілікті арттырып қана қоймай, қоғамға нақты көрсетуге мемкіндік береді.
Жалпы, іс-шарада 110 донор қан тапсырды. Жиналған қан көлемі еліміздің медициналық ұйымдарына, оның ішінде шұғыл операцияларды, жарақат алған азаматтарды және науқастарды емдеу үшін бағытталатын болады.