logo

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетінде артиллериялық құралдарды жетілдіру мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті


Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетінде артиллериялық құралдарды жетілдіру мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті

2026 жылғы 29 қаңтарда Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетінде Әскери ғылыми-зерттеу орталығының қару-жарақ пен әскери техниканы зерттеу басқармасының ғылыми-зерттеу жұмысы аясында артиллериялық құралдарды жетілдіру мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шара барысында қолданыстағы қару-жарақ үлгілерін жаңғыртудың өзекті бағыттары, олардың тиімділігін, сенімділігін арттыру, сондай-ақ заманауи қолдану талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

Дөңгелек үстел жұмысына Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері, сондай-ақ бейінді мамандар мен сарапшылар қатысты. Қатысушылар артиллериялық қару-жарақты дамытудың перспективаларын талқылап, негізгі проблемалық мәселелерді айқындады және практикалық тәжірибелерімен алмасты.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мүддесі үшін артиллериялық қару-жарақты одан әрі жетілдіруге және ғылыми-техникалық шешімдерді дамытуға бағытталған ұсыныстар әзірленді.