2025 жылдың 6 қыркүйегінде қалыптасқан дәстүр бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің басшылығы, армия генералы С.К.Нұрмағамбетов атындағы Қарулы күштердің Бас штабы академиясы факультетінің профессорлық-оқытушылар құрамы мен 1-курс магистранттары, сондай-ақ әскери қызметшілердің отбасы мүшелері Ақмола облысының Ақкөл аудандық орталығындағы атақты генерал, Қазақстан Республикасының тұңғыш Қорғаныс министрі Халық қаһарманы, армия генералы С.Нұрмағамбетовтің ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің Ғылыми кеңесінің шешімімен Қарулы күштерінің Бас штабы академиясына армия генералы С.Қ.Нұрмағамбетовтің есімі берілді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы, генерал-майор А.Д. Мұстабеков өз сөзінде, жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу ісіндегі армия генералы С.К.Нұрмағамбетовтің ерекше рөлін, Қазақстан армиясының қалыптасуы мен дамуына қосқан тарихи рөлі мен үлесін, сондай-ақ әскери істің өзекті мәселелері мен оның даму перспективаларын атап өтті.
Іс-шараның соңында жеке құрам армия генералы С.Нұрмағамбетовтің өмірі мен қызметі туралы бірегей фотоқұжаттар жинақталған жергілікті мұражайға барды.
Мұндай іс-шаралар жастарға, әскери қызметшілерге патриотизм, азаматтық, қазақ жауынгерлерінің тарихына және баға жетпес мұрасына тиесілілік сезімін қалыптастыруға бағытталған.
Қарулы Күштер Бас штабы академиясы факультетінің магистранттары Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 80 жылдығында атақты қолбасшыны еске алудың маңыздылығын еске алып, осыылайша құрмет көрсетіп отыр.