logo

Университетте білім күні өткізілді


Университетте білім күні өткізілді

2025 жылдың 2 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінде білім күні мен жаңа оқу жылының басталуына орай салтанатты іс-шара өткізілді.

Салтанатты іс-шараға ҚР Қорғаныс министрлігінің басшылығы, университет басшылығы, профессорлық-оқытушылар құрамы мен магистранттар қатысты.

ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары вице-адмирал Серік Жақсығалиұлы Боранбаев өзінің құттықтау сөзінде сапалы әскери білім алудың маңыздылығын атап кетті. Магистранттарға алдағы оқуларында толағай табыстар тілеп, профессорлық-оқытушылар құрамына еңбектері мен өз кәсібиліктеріне адал болғандары үшін алғысын білдірді.