Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мен Түркия Республикасы Ұлттық қорғаныс министрлігі арасындағы екіжақты әскери ынтымақтастық аясында, 2025 жылғы 11 шілдеде Түрік Қарулы Күштері Бас штабының бастығы, армия генералы Метин Гюрак Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетіне ресми сапармен келді.
Сапар барысында университет бастығының міндетін атқарушы, генерал-майор Алдияров Н.Қ. қонақтарды оқу орнының қызметімен таныстырды.
Сапар соңында армия генералы М. Гюрак университеттің құрметті қонақтар кітабына қолтаңбасын қалдырып, кәсіби әскери білім беру саласындағы қазақ-түрік қарым-қатынастарының табысты дамуына тілектестік білдірді.