logo

Теологпен кездесу


Теологпен кездесу

«Өмірді сақта» біріңғай жоспарына сәйкес, сондай-ақ «Діни экстремизм мен терроризмді алдын алу» онкүндігі аясында, 2025 жылдың
10 қазанда Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінде жеке құрамның және «Астана Қамқор» қоғамдық қорының теологы Арман Нұрахметұлымен кездесу өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – әскери қызметшілерде тұрақты дүниетанымды қалыптастыру, діни сауаттылық деңгейін арттыру және деструктивті идеологияның ықпалдарын алдын алу.

Кездесу барысында Арман Нұрахметұлы әрбір әскери қызметші шынайы діни білімді жалған түсіндірулерден ажырата білуді және ішкі рухани тұрақтылықты нығайта білуі тиіс екенін атап өтті.

Кездесу соңында университеттің жеке құрамы теологқа мазмұнды баяндамасы үшін алғыс айтып, рухани бірлікті, патриоттық сананы және азаматтық жауапкершілікті нығайтуға бағытталған іс-шараларға белсенді қатысуға дайын екендерін білдірді.