logo

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат

Бүгін, 2025 жылдың 5 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы Ербол Қабдығалиұлы Жолданғардың және сыбайлас жемқорлықты алдын алу басқармасының жетекшісі Дулат Талғатұлы Латыповтың, бас мамандар Айтуева Ақерке Кенжебайқызы мен Қожабекова Меруерт Жасланқызы қатысуымен «Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат» атты тақырыбында семинар өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – әскери білім беру ортасындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тектерін  күшейту, ашықтық пен адалдық мәдениетін нығайту, сондай-ақ профессорлық-оқытушылық құрамның, магистранттардың және офицерлік құрамның құқықтық сауаттылығын арттыру.

Семинар барысында департамент мамандары Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың өзекті бағыттары, жаңартылған заңнамалық өзгерістер, мемлекеттік қызметшілерге қойылатын әдеп талаптары және жемқорлық құқықбұзушылықтардың алдын алу шаралары туралы кеңінен ақпарат берді.

Университет бастығы генерал-майор А. Мустабеков өз сөзінде әскери білім беру мекемелерінде сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастырудың маңыздылығын атап өтіп, жеке құрамды заң талаптарын қатаң сақтауға, адал және жауапты қызмет етуге шақырды.

Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға практикалық ұсынымдар беріліп, сұрақ-жауап алаңы ұйымдастырылды.