logo

Сарбаздар аналар комитеті мүшесінің казарманы көруі


Сарбаздар аналар комитеті мүшесінің казарманы көруі

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетінде сарбаздар аналары комитетінің өкілі казарманың жағдайын көріп кетті.

Сапар барысында Комитет мүшесі Баубекова Ф.М. ханым мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің тұру жағдайларымен, санитарлық-тұрмыстық үй-жайлармен,  тамақтандыруды ұйымдастырумен және күн тәртібімен танысты. Тәртіпті сақтау, әскери қызметшілерді нысанды киім-кешекпен қамтамасыз ету, сондай-ақ бөлімшеде тәрбие және мәдени-демалыс жұмыстарын ұйымдастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сарбаз аналар комитетінің өкілі тұрмыстық жағдайлардың деңгейіне қанағаттылығын білдіріп, қолбасшылықтың жеке құрамды күнделікті қамтамасыз ету және тәрбиелеу мәселелеріне жауапкершілікпен қарайтындығын атап өтіп, мұндай кездесудердің Қарулы Күштер жұмысындағы қоғамдық сенім мен ашықтықты нығайту үшін маңыздылығын атап өтті.

Университет басшылығы сарбаздардың аналар комитетіне ынтымақтастық пен қолдау үшін алғыс білдіріп, қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл жастарды патриоттық тәрбиелеуде және армияның оң имиджін қалыптастыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.