logo

Руанда делегациясы Ұлттық қорғаныс университетінде болды


Руанда делегациясы Ұлттық қорғаныс университетінде болды

ҚР Ұлттық қорғаныс университетіне Руанда Республикасының делегациясы ресми сапармен келді. Кездесу барысында әскери білім беру саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Шетелдік қонақтар университеттің қалыптасу тарихына үңіліп, оқу-техникалық базасы мен қазіргі уақытта әскери кадрларды даярлау жүйесінің жұмысымен танысты. Оларға жоғары командалық құрамды дайындаудың заманауи әдістемелері, ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыттары және білім беру процесін ұйымдастырудағы озық тәжірибе таныстырылды.

Кездесу аясында тараптар Ұлттық қорғаныс университеті мен Руанда Қарулы күштері Қорғаныс университеті арасындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын жан-жақты қарастырды. Соның ішінде жоғары командалық курстардың тыңдаушылары деңгейінде білім алуды ұйымдастыру, докторантурада оқыту, халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысу және тілдік курстар өткізу мүмкіндіктері талқыланды.

Келіссөздердің қорытындысы бойынша тараптар әскери білім мен ғылым саласында ынтымақтастықты нығайтуға және дамытуға өзара мүдделілік танытқанын растады.