Республика күні қарсаңында және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Егемендігі туралы декларацияның қабылдануының 35 жылдығына орай Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінде күзет және қамтамасыз ету ротасының және Әскери-ғылыми взводының мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің қатысуымен «Таза Қазақстан» экологиялық науқаны өткізілді.
Іс-шара әскери қызметшілерде азаматтық жауапкершілік сезімін, табиғат пен қоршаған ортаға ұқыпты қарауды тәрбиелеуге бағытталған.
Іс-шара барысында күзет және қамтамасыз ету ротасының командирі аға лейтенант Ж. Есентай осындай науқандарды өткізу экологиялық мәдениетті және ұжымның бірлігін нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.