logo

Республика күніне арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысу


Республика күніне арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысу

2025 жылдың 25 қазанында Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің әскери ғалымдары, профессорлік-ұстаздық құрамы және докторанттары Қазақстан Республикасының Президенттік орталығы ұйымдастырған, Қазақстан Республикасы Парламентінің мәжілісі депутаттары, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі өкілдері, Мемлекет тарихы институты және Жошы ұлысын зерделеу ғылыми институты қатысқан «Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі және тәуелсіздігі: тарих, қазіргі заман және дамудың жаңа қырлары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция жұмысына қатысты.

Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияның 35 жылдығына орайластырылған халықаралық ғылыми-практикалық конференция  Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендік туралы Декларациясы қабылдануының негізгі кезеңдерін қарастыруды, Декларацияның тарихы маңызын ашуды, жаңа политикалық негізде тәуелсіз Қазақстанды дамытудың басты бағыттарын айқындауды мақсат етті.