2025 жылғы 23 қазанда Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетінде еліміздің басты мемлекеттік мерекелерінің бірі – Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Іс-шара барысында университеттің жеке құрамы тәуелсіздіктің бастауында тұрғандарды еске алып, мемелекеттік егемендік туралы декларацияның тарихи маңыздылығын атап өтті.
Университет бастығының бірінші орынбасары полковник
Т.Ж. Ажибаев жеке құрамды құттықтап, бұл күннің ұлттық бірліктің, бостандықтың және Қазақстанның өркендеуіне деген ұмтылыстың символы ретіндегі маңызын атап өтті. Ол әскери қызметшілер мен қызметкерлерге адал қызметі, мемлекеттің қорғаныс қабілетін нығайтуға қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.
Іс-шара соңында университеттің ерекше көзге түскен әскери қызметшілері мен азаматтық қызметкерлеріне «Мінсіз қызметі үшін» медалдары мен алғыс хаттар табыс етіліп, шығармашылық ұжымдардың қатысуымен мерекелік концерт өтті.