«Болашақ» халықаралық стипендиясы аясында «500 ғалым» ғылыми тағылымдамалар бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университеті әскери ғылыми-зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері подполковник Бағдат Әлиев «Білім берудегі Менеджмент» мамандығы бойынша Джордж Вашингтон университетінде (George Washington University, Washington DC, USA) бір жылдық ғылыми тағылымдамадан сәтті өтті. Тағылымдама 2024 жылғы 27 мамыр мен 2025 жылғы 25 мамыр аралығында өтті.
Бағдарлама аясында Бағдат Әлиев Гарвард университеті (Harvard University), Массачусетс технологиялық институты (MIT), Бостон университеті (Бостон қ.), Джорджтаун университеті, Джордж Мейсон Университеті және Америка университеті (Вашингтон қ.) сияқты АҚШ-тың жетекші университеттерінің оқу үдерісімен және оқу-материалдық базасымен танысты.
Подполковник Бағдат Әлиев жетекші аналитикалық және халықаралық орталықтар ұйымдастырған бірқатар ғылыми семинарлар мен сараптамалық пікірталастарға қатысты:
Тағылымдама барысында ол халықаралық сертификаттармен біліктілігін растай отырып, CITI Program бағдарламасы аясында мамандандырылған курстардан өтті:
Сонымен қатар, Бағдат Әлиев American Foundation for Educational Excellence (Вирджиния, АҚШ) ұйымдастырған “Inclusive Leadership» көшбасшылық курсынан өтті.
Тағылымдама қорытындысы бойынша подполковник Бағдат Әлиев бағдарламаны сәтті аяқтап, «Білім берудегі Менеджмент» мамандығы бойынша Джордж Вашингтон университетінің сертификатын алды.