logo

Оқу-жауынгерлік әзірлік кезеңі


Оқу-жауынгерлік әзірлік кезеңі

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бекіткен оқу-жаттығу жоспарына сәйкес, 2025 жылдың 1-4 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде жоспарлы оқу процесінің аясында жеке құрамды оқу-жауынгерлік дабыл бойынша жоғары деңгейдегі жауынгерлік әзірлікке келтіру шарасы өткізілді.

Оқу-жауынгерлік дабылдың негізгі мақсаты – әскери басқару органдары мен бөлімшелердің жедел әрекет ету қабілетін, жеке құрамның жинақылық деңгейін, шаттық қару-жарақ пен техникамен жұмыс даярлығын тексеру, сондай-ақ берілген мерзімдерде тапсырмаларды орындау дайындығын бағалау болып табылады.

Дәл осындай іс-шара Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінде де өткізілді.

Шара барысында жеке құрам жоғары тәртіптілік, ұйымшылдық және оқу-жауынгерлік тапсырмаларға кәсіби көзқарас танытып, қойылған міндеттерді нақты әрі уақытылы орындау деңгейін көрсетті.

Сонымен қатар, оқу-жауынгерлік нәтижелері бойынша университет бастығы генерал-майор А.Д. Мустабеков жауынгерлік әзірлік бойынша орынбасарларының, факультеттер мен жеке кафедралар бастықтарының, құрылымдық бөлімшелер бастықтарының тыңдалуын өткізіп, олардың баяндамалары негізінде командалық пунктер жұмысының күшті тұстары мен жетілдіруді қажет ететін бағыттары талданды.

Оқу-жауынгерлік дабылдың нәтижелері алдағы оқу кезеңінде жауынгерлік даярлықты жетілдіруге, жауынгерлік міндеттерді орындау алгоритмдерін нақтылауға және жеке құрамның кәсіби деңгейін одан әрі арттыруға бағытталатын болады.