logo

Онлайн режимінде өткізілген дөңгелек үстел


Онлайн режимінде өткізілген дөңгелек үстел

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университеті мен Өзбекстан Республикасы Қарулы күштері академиясы арасындағы ынтымақтастық меморандумын іске асыру шеңберінде ағымдағы жылдың
10 шілдесінде «Жоғары әскери білім беру мекемелерінде офицерлік кадрларды даярлаудағы тактика пәнінің орны мен рөлі» тақырыбында онлайн режимінде дөңгелек үстел өткізілді.

Білім беру мекемелерінің әскери сарапшылары офицерлерді даярлаудың негізгі элементі болып табылатын, олардың стратегиялық және жедел ойлау қабілетін қалыптастыратын «Тактика» пәнін жетілдіру перспективалары мен пікір алмасуды жүзеге асырды.

Екі жоғары оқу орнының профессорлық-оқытушылық құрамы бөлімшелерді тиімді пайдалану, шығындарды барынша азайту және қойылған мақсаттарға қазіргі заманғы әскери технологиялар мен жауынгерлік қимылдарын жүргізу әдістерін қолдануға негізделген «Тактика» пәнін дамытудың маңыздылығын бірыңғай түсінуге келді.