logo

Назарбаев университетінің қабырғасында Қазақстан Республикасында жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету мәселелеріне арналған форум өтті.


Назарбаев университетінің қабырғасында Қазақстан Республикасында жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету мәселелеріне арналған форум өтті.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетінің өкілдері – полковниктер Сапар Алпысбаевич Кулатаев, Тимур Хамидоллаевич Джусупбеков, Бегим-Мурат Нурланович Ильясов Назарбаев университетінде Британдық сапаны қамтамасыз ету агенттігінің және Британдық кеңестің қолдауымен өткен «Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету: жағдайы және даму перспективалары» атты форумға қатысты.

Шараның пленарлық отырысына Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нурбек модераторлық етті.

Форум аясындағы іс-шаралар  «Ғылыми қызмет нәтижелерінің сапасын бағалау – жаңа тәсілдер» және «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласын мемлекеттік реттеу жүйесінің сапасын қамтамасыз ету және жетілдіру» тақырыбындағы екі секция бойынша ұйымдастырылды:

Форум шеңберінде трансұлттық білім беру мәселелері, Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесіндегі жаңа сын-қатерлер, сондай-ақ ел аумағындағы білім беру бағдарламаларын үздік әлемдік тәжірибелер мен озық үлгілерге сүйене отырып дамыту жолдары қарастырылды.