Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің отандық қорғаныс-өнеркәсіптік кешенімен танысу мақсатында жасалған меморандумға сәйкес, 2026 жылғы 19 қаңтарда Құрлық әскерлері факультетінің магистранттарымен Kazakstan Paramaunt Engineering ЖШС-де 2 курс магистранттарының экскурсиясы өтті. Сапар барысында магистранттар үлкен қызығушылық танытып, компанияның өнімдерімен танысты. Kazakstan Paramaunt Engineering өкілдері брондалған көліктерді құрастырудан бастап сынақтан өткізуге дейінгі цехтардың жұмысын айтып, көрсетті. Kazakstan Paramaunt Engineering Орталық Азиядағы «Алан 2», «Арлан», «Барыс 8х8», «Барыс 6х6», «Номад» заманауи брондалған доңғалақты көліктерді шығаратын ірі кәсіпорын болып табылады. Компания доңғалақты брондалған көліктерден басқа өртке қарсы басқару жүйелерін әзірлейді.