Бүгін, 28 тамызда Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінде Конституция күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Конституция-тәуелсіз және егемен Қазақстанның берік іргетасын қалаған мемлекеттің негізгі заңы. Бұл күн құқықтың үстемдігін, халықтың бірлігін және елдің тұрақты дамуын білдіреді. Университетте басшылықтың, профессорлық-оқытушылық құрамның және жеке құрамның қатысуымен салтанатты жиналыс өтті. Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы Конституция азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілі ретіндегі маңыздылығын, сондай-ақ офицерлердің бойында отансүйгіштік, жауапкершілік пен адалдық сезімін тәрбиелеудің маңыздылығын атап өтті. Конституция күнін атап, университет ұжымы Отанға қызмет ету және әскери антқа адал болу – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің офицерлері қызметінің негізі болатынына сенім білдіреді.