2025 жылдың 13 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінде университет бастығы, заңгер, сонымен қатар, келісімшарт қызметі әскери қызметшілерінің отбасы мүшелерімен жұмыс жүргізу бөлімінің психологтарымен кездесу өткізілді. Аталған іс-шараның мақсаты – жаңа «Тұрғын үй төлемдері туралы» заңнамасын түсіндіру.
Әскери қызметшілердің отбасыларында жағымды, қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды сақтау, отбасылық жанжалдарды алдын алу мақсатында әңгімелер мен тренингтер өткізу маңызды болды.
Әр жұбайға әскери қызметшінің әйеліне жадынама түрінде үлестірме материал ұсынылды, онда ерекше отбасылық жағдайларда әрекет ету бойынша кеңестер берілді.
Әйелдер қауымы әңгімелесу парақтарын толтырды, бұл олардың отбасылары туралы толық және нақты ақпарат алуға мүмкіндік берді.
Іс-шараны өткізу алгоритмі келісімшарт қызметі әскери қызметшілерінің жұбайларына ақпарат алуға ғана емес, сонымен қатар, тығыз, тыныш жағдайда өздерінің проблемалық мәселелерін талқылауға, отбасылық өміріндегі кейбір жағдайларымен бөлісуге мүмкіндік берді.
Кездесу тиісті деңгейде өткізілді.