logo

Бірыңғай кешенді жедел-тактикалық тапсырмаларды пысықтау


Бірыңғай кешенді жедел-тактикалық тапсырмаларды пысықтау

Оқу процесінің академиялық күнтізбесіне сәйкес, 2025 жылғы 27 қазан мен 8 қараша аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінде факультет (кафедра) бастықтарының жалпы жетекшілігімен магистранттардың оқу кезеңіндегі бірнеше кезеңге бөлінетін және мақсаттар мен міндеттер бойынша өзара байланысты, топтық жаттығулар жүйесі болып табылатын, бірыңғай (оқу) әскери-саяси және стратегиялық жағдайдың аясында, бірыңғай ойда, белгілі бір ретпен жүргізілетін бірыңғай кешенді жедел-тактикалық тапсырмаларды пысықтау бойынша іс-шаралар өткізілуде. 

Бірыңғай кешенді жедел-тактикалық тапсырмалар аясында, 27-30 қазан аралығында бірінші курс магистранттарымен бірыңғай кешенді тапсырмалардың бірінші кезеңі «Оқу жұмылдыру тапсырмасы» өткізілді. Оның оқу мақсаты – магистранттарды жылыстатуды жоспарлауды ұйымдастыру және лауазымды тұлғалар ретінде бөлімшені жауынгерлік әзірлікке келтіру бойынша жұмыс жасауды үйрету және тәжірибе беру.

27 қазан мен 8 қараша аралығында екінші курс магистранттарымен «Арнайы әскери іс-қимылдарды дайындау және жүргізу» тақырыбы бойынша кешенді тактикалық тапсырмалардың келесі кезеңдерінің бірі өткізіледі. Оның барысында магистранттар арнайы әскери іс-қимылдарды дайындау және жүргізу кезінде бөлімдерді басқару жұмысын ұйымдастыруды үйрені, сондай-ақ бөлімдерді басқару дағдыларын игеруі тиіс.

Сонымен қатар, 28-31 қазан кезеңі аралығында бірыңғай кешенді тапсырмаларды жүргізу барысында, Ұлттық қорғаныс униыерситетінің аумағында ҚК Бас штабының далалық байланыс торабы ашылған болатын. Осы шараның қорытындысы бойынша магистранттар далалық байланыс торабының құрылымы, оның мүмкіндіктері мен әскерлерді басқарудың тұрақтылығы мен үздіксіз қамтамасыз етудегі рөлі туралы теориялық және практикалық білім алды. 

Бірыңғай кешенді тапсырмаларды жүргізудің нәтижесінде магистранттарда жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізу кезінде қойылған мақсаттарға қол жеткізуде қажетті кәсіби қасиеттер (ойлау, дербестік, табандылық) қалыптасады.