logo

Балтық қорғаныс колледжінің өкілінің дәрісі


Балтық қорғаныс колледжінің өкілінің дәрісі

Ағымдағы жылдың 7 қазанында ҚР Ұлттық қорғаныс университетінде Балтық қорғаныс колледжінің өкілі доктор Д. Петрайтистің дәрісі өтті.

Бұл дәріс Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мен Литва Республикасы Ұлттық қорғаныс министрлігі арасындағы 2025 жылға арналған ынтымақтастық жоспарына сәйкес ұйымдастырылған.

Литвалық сарапшы Еуропа мен Батыс елдерінің қорғаныс саясаты мен стратегиясын қалыптастыруға көзқарасын, сондай-ақ оларды қазіргі жағдайда іске асырудың ықтимал жолдарын назарға ұсынды. Дәріс ұлттық саясатты қалыптастырудың әртүрлі нұсқаларының тарихи фактілері мен гипотезаларын және Еуропа мен Азияның әртүрлі елдерінің қорғаныс стратегиясының салдарын салыстыра отырып, академиялық ортада белсенді пікірталас тудырды.