logo

АҚШ Әскери атташесінің Ұлттық қорғаныс университетіне сапары


АҚШ Әскери атташесінің Ұлттық қорғаныс университетіне сапары

Ағымдағы жылдың 22 қыркүйегінде Қазақстан Республикасындағы АҚШ елшілігінің Әскери атташесі полковник Кристофер Дистифеноның университетпен танысу сапары өтті.

Сапар барысында университет бастығының бірінші орынбасары  оқу-әдістемелік басқармасының бастығы полковник Ажибаев Талғат Жұманұлы қонақты мекеменің ұйымдық-штаттық құрылымымен, әскери саладағы жетекші білім ордасын дамытудың негізгі міндеттері мен перспективаларымен таныстырды.

Биылғы жыл орыс тілін қарқынды меңгеру үшін Ұлттық қорғаныс университетіне келген АҚШ-тың алғашқы офицерінің түсуімен ерекшеленді.

Орыс тілін үйрену курстары өз офицерлерін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетіне магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша оқытуға жібергісі келетін шетелдік қорғаныс ведомстволарының өтініші бойынша ұйымдастырылған.

Орыс тілін сәтті меңгергеннен кейін шетелдік офицерлер «Қарулы күштерінің Бас штабы Академиясы» факультетінің «Әскери істегі стратегиялық менеджмент» магистратура бағдарламасы бойынша бір жылдық оқуға түседі.

Бүгінгі таңда университеттің қорында Корея Республикасы, Иран Ислам Республикасы, Пәкістан Ислам Республикасы, Француз Республикасы, Үндістан Республикасы және Қытай Халық Республикасы сияқты елдердің шетелдік түлектері бар.