logo

Ағылшын тілін қарқынды оқыту курсының аяқталуы


Ағылшын тілін қарқынды оқыту курсының аяқталуы

2020-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама штаттарының Қорғаныс министрліктері арасындағы Әскери ынтымақтастық жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетінде 2025 жылғы 11 шілдеде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілерін IMET (International Military Education and Training) бағдарламасы бойынша ағылшын тілін қарқынды оқыту курсының тыңдаушыларымен курс аяқталды.

2025 жылдың 24 ақпаны мен 11 шілдесі кезеңінде ағылшын тілі курсында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 14 әскери қызметшілері дайындықтан өтті.

Салтанатты жиынға Қазақстан Республикасы ҰҚУ бастығы, ҚР ҰҚУ бастығының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары, сондай-ақ тілдер кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы қатысты.