logo

Ауған соғысының ардагерлері ұлықталды


Ауған соғысының ардагерлері ұлықталды

Ұлттық қорғаныс университетінде Ауған соғысының ардагерлері генерал-майор Мүслім Даиров, полковник Толқындат Төлешов және полковник Мұхамедқали Қазамбаев қатысқан “Отанға қызмет: кешегі ерлік – бүгінгі парыз” тақырыбында кездесу өтті.

Сын сағатта әскери борышын адал атқарып, жауапкершіліктен жалтармаған ардагерлер отты жылдар туралы ойлы естеліктерімен бөлісті.

Шара барысында ҚР Ұлттық қорғаныс университеті бастығының лауазымын уақытша атқарушы полковник Болат Оспанбек қазіргі күні бар білгенін болашақ қолбасшыларға үйретіп, университет қабырғасында оқытушылық қызметте жүрген ардақты ардагерлерге Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов және Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР Бас штаб бастығы генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіровтың атынан алғыс хаттар табыстады.